AP26193915 Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТУРАЛЫ:
Жобаның атауы: Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу
Жобаның мақсаты: Жобаның мақсаты заманауи жағдайда Қазақстан Респупубликасында тұрақты даму аясында гидротехникалық құрылыстардың құқықтық табиғатын анықтау, гидротехникалық құрылыстарды салу, пайдалану және қолданысқа енгізудің мемлекеттік құқықтық механизмі мен заңнамасын жетілдіру жолдарын ұсыну, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға келетін қауіптің алдын алу бойынша тұжырымдамалық негіздерді, қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеу.
Тапсырмалар:
Көрсетілген мақсат зерттеудің келесі негізгі міндеттерін анықтады:
1. Қазақстан Республикасы турақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларының құқық жүйесіндегі орны мен құқықтық табиғатын анықтау, оның объектілері және субьектілерінің құқықтық жағдайын негіздеу.
2. Гидротехникалық құрылыстарды салу, пайдалану және қолданысқа енгізуді реттейтін нормалардың тарихи қалыптасуы мен дамуына құқықтық талдау жасау, заманауи жағдайда экологиялық қауіпсіздік аясында гидротехникалық құрылыстарды құқықтық қамтамасыз ету қағидаларын ұсыну, гидротехникалық құрылыстардың жаңа сыныптамасын әзірлеу;
3. Гидротехникалық құрылыстардың құқықтық режиміне қатысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;
4. Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстарды салу, пайдалану
және қолданысқа енгізудің мемлекеттік құқықтық тетігіне зерттеу жүргізу;
5. Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстардың меншік иелерінің құқықтық мәртебесін анықтау;
6. Цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстарды бақылаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерін ұсыну;
7. Гидротехникалық құрылыстарды пайдалануда жасанды интелектіні қолданудың құқықтық құралдарын ұсыну;
8. «Гидротехникалық құрылыстар туралы» заң актісін жобасын ұсыну;
9. Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану мен қолданысқа енгізуде халықаралық ынтымақтастықты жетілдірудің құқықтық құралдарын ұсыну.
Жоба идеясы: Ғылыми жоба Қазақстан Республикасы тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалануды құқықтық реттеу мәселелерін кешенді ғылыми зерттеу жүргізуге, гидротехникалық құрылыстарды пайдалануды құқықтық реттеуде ұлттық және шетелдік нормативтік құқықтық актілерге талдау жасауға, осы саладағы олқылықтарды анықтап олардың алдын алу, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттейтін ұлттық заңнама мен тәжірибені жетілдіруге қатысты ұсыныстар мен қорытындылар жасауға бағытталған.
Күтілетін нәтижелер:
1. Web of Science базасында импакт-фактор квартилі 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) кіретін, Social Science Citation Index-те индекстелетін және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында 50-ден (елу) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу;
2. ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда кемінде 4 (төрт) мақала немесе шолу; Жарияланатын мақалалардың біреуі multidisciplinary (көпсалалы немесе пәнаралық практикалық қолдану) санатында жариялануы тиіс.Multidisciplinary санатына жатпайтын 1 ҒЖБССҚК тізіміндегі отандық журналдар үшін екі және одан да көп санаттарда индекстелетін 1 және 2 ҒЖБССҚК тізіміндегі журналдар есептеледі..
3. Кемінде 1 (бір) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор даярлау (докторантура бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға лицензиясы бар ЖЖОКБҰ-мен бірлесіп даярлауға жол беріледі). Бұл ретте диссертацияны жоба аяқталғаннан кейін 2 (екі) жылдан кешіктірмей қорғауға болады; (докторантура бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімге лицензия болмаған жағдайда, ҒЖБССҚК ұсынған басылымда кемінде 2 (екі) мақала жариялай отырып, кемінде 2 (екі) адам докторантурадан кейінгі даярлық бағдарламасын («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 37-бабына сәйкес) міндетті түрде аяқтау талап етіледі (әрқайсысы үшін)).
4.Шетелдік және(немесе) қазақстандық баспаларда кемінде бір монография немесе оқу құралын жариялау;
5.. Ғылыми конференциялар мен форумдарда ғылыми баяндама дайындау,
6. Кемінде екі авторлық куәлік алу;
7. Зерттеудің қорытынды кезеңінде бағдарламаны іске асыру кезінде алынған білімдер мен нәтижелерді тарату мақсатында «Қазақстан Республикасы тұрақты даму дағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу» атты ғылыми теориялық конференция өткізіледі.
8. «Гидротехникалық құрылыстар туралы» заң актісін жобасы;
9. Жоба тақырыбына сәйкес келетін тақырыпта бір электрондық оқу құралын әзірлеу;
