“Жыл волонтері” халықаралық сыйлығы

2025 жылдың 5 желтоқсанында Астанада өткен “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығын 46 қазақстандық волонтермен қатар, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Түркия елдерінің волонтерлері де иеленді. Солардың ішінде “Zhansugurov College”-нің оқытушысы Наурызбаева Сатыпалды Наурызбайқызы студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асырып, академиялық адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан үлесі үшін “Жыл волонтері – 2025” халықаралық сыйлығының “Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін” номинациясы бойынша лауреат атанып, арнайы диплом және мүсіншемен марапатталды.

AI Assistant