


Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен «Scopus, Web of Science базаларындағы автордың профилі» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттар қатысып, халықаралық ғылыми деректер базаларындағы автор профилін басқару, ғылыми жарияланымдардың көрінуін арттыру және дәйексөз көрсеткіштерін жақсарту мәселелерін талқылады. Семинар спикері Самал Бейсенова Scopus және Web of Science базаларында автордың профилін дұрыс қалыптастыру, мәліметтердегі қателерді түзету және ғылыми көрсеткіштерді арттыру бойынша тәжірибелік түсіндірмелер жасады.
Семинар барысында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Лаззат Карашолакова университеттегі ғылыми қызметті дамыту, ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың маңызы және халықаралық деректер базаларында жарияланым сапасын арттыру бағытында құнды ақпараттар мен әдістемелік ұсынымдар айтты.
Қатысушылар сұрақтарын қойып өзара пікір алмасу болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ




