Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы демалыс күнін пайдалы әрі көңілді өткізді.
Тау Жетісудың баурайында шаңғы теуіп, атқа мініп, балонмен сырғанап, табиғаттың тамаша сәттерінен рухани серпіліс алып қайтты. Ақ қар, таза ауа, жарасымды, жылы орта — ұжымның бірлігін арттырып, жаңа күш пен шабыт сыйлады. Осындай белсенді демалыс денсаулықты нығайтып қана қоймай, еңбекке деген ынта мен жаңа жетістіктерге жол ашады.

