2026 жылдың 25–29 наурыз күндері Орал қаласында сурдо еркін күрестен U23 ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған беделді додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Әбдрасіл Рамазан — І орын 🥇
Бурамбай Дидар — ІІ орын 🥈
Спортшылардың бұл жетістігі олардың қажырлы еңбегі мен табандылығының нәтижесі болып табылады. Университет намысын қорғап, ел мерейін асқақтатқан жас балуандарға алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейміз!








