Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне «Мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика)» бойынша қорытынды конференциясы өткізілді.
Конференция барысында студенттердің педагогикалық практикадан алған тәжірибелері талданып, олардың кәсіби қалыптасуындағы алғашқы қадамдары қорытындыланды. Практика кезінде атқарылған жұмыстар, кездескен қиындықтар мен жетістіктер туралы пікір алмасу ұйымдастырылды.
Оқытушылар студенттердің белсенділігін атап өтіп, олардың болашақ педагогикалық қызметке дайындығының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіби дағдыларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

