Педагогикалық практика

Дене шынықтыру және өнер факультетінің    6В01410 — Музыкалық білім (IP) білім беру бағдарламасының 1 курс МБ(IP) 111топ білім алушылары   «23» ақпан 2026ж. – «21» наурыз 2026ж. аралығында «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» КММ мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика) өтті. 26.03.2026ж. осы аталған практика   бойынша қортынды конференциясы болып өтті.

Мақсаты: Конференцияға практика жетекшілері, әдіскерлер және студенттер қатысты.

Конференция барысында білімгерлер  өздерінің практика кезінде орындаған жұмыстары туралы баяндама жасады. Атап айтқанда:

  • мектептің құрылымы және ішкі тәртібімен танысу;
  • мұғалімнің күнделікті іс-әрекетін бақылау;
  • сабақтарға қатысу және талдау жасау;
  • сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға қатысу;
  • оқушылармен қарым-қатынас орнату тәжірибесі.

Білімгерлер өз баяндамаларында практика барысында алған әсерлерімен бөлісіп, мұғалім мамандығының жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, сабақ жүргізудің әдіс-тәсілдері, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізу жолдары туралы тәжірибе жинақтағандарын айтты.

AI Assistant