Мектеп оқушыларымен кездесу

Ғылым күніне орай Талдықорған қаласындағы №4 орта мектепте «Жетісу облысындағы петроглифтердің өлке тарихын зерттеудегі маңызы» тақырыбында жоғары оқу орынының профессор-оқытушыларымен кездесу өтті.

Кездесуге І Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, г.ғ.к. өлкетанушы Е.А. Тоқпанов қатысты.

7-11 сынып оқушыларына жартастағы суреттердің және қола, ерте темір, түркі кезеңдерінің тарихын зерделеу, тарихи-мәдени мұра нысандары мен бірегей табиғат ескерткіштерін қорғаудың маңызы айтылды. Сондай-ақ, «Дарын», «Зерде» жобалар байқауында көтерілген өлке тарихы, экологиялық мәселелердің зерттелу маңызы сараланды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant