























15.04.2026 ж. Қазақстан және Тәжікстан елдерінде Индонезия Республикасының Елшісі Мохамад Фадждрул Рахман Жетісу университетіне ресми іссапармен келді. Елші Жетісу университетінің басшылығымен, атап айтқанда, Академиялық мәселелер жөнінде проректор Таубаев Б.Р., Ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөнінде проректор Бахтаулова А.С., сонымен қатар факультет декандарымен және халықаралық ынтымақтастық орталығымен кездесті.
Кездесу барысында Индонезия елшісі екі елдің арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы стратегиялық серіктестіктің рөлі, соның ішінде екі ел университеттерінің ынтымақтастығы туралы сөз қозғап, Индонезияның беделді университетерімен байланыс орнатуға ықпалдасуға дайын екенін жеткізді.
Жетісу университетінің басшылығы, өз кезегінде, Елші Мохамад Фадждрул Рахман мырзаға алғыс білдіріп, Индонезиялық жоғары оқу орындарымен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізуге, оқытушылар мен студенттер арасында академиялық алмасуды жүзеге асыруға, бірлескен және қос дипломды бағдарламалар арасында кадрларды даярлауға дайын екенін айтты.
Ресми кездесуден кейін Индонезия елшісі Жетісу университетінің студенттерімен кездесіп, Индонезияның мәдениетімен таныстырып, өз елінің жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, білім алушылар мен оқытушылар индонезиялық мәдениеттің көрінісі – ұлттық би мен жекпе-жек өнеріне арналған қойылымдарды тамашалады.
Ендіші кезекте Жетісу университеті халықаралық деңгейде академиялық және ғылыми әлеуеті жоғары Индонезия универсиеттерімен серіктестік орнатуды жоспарлады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

