

























Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жас Қыран – 2026» әскери-патриоттық ойыны өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған іс-шараға Жетісу облысы бойынша колледждер мен ТжКБ мекемелерінен 12 команда қатысты.
Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев шараның ашылу салтанатында әскери-патриоттық ойын тек бәсеке емес, қайсар рух пен отаншылдықтың, бірлік пен достықтың көрінісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Жетісу облысы білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Айбол Касенов жастардың күш-қуаты мен төзімін сынға салып, отансүйгіштік рухын көтеретін шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушы командаларға алғыс білдірді.
Командалар АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, кермеге тартылу, арқанға жатып денені көтеру, граната лақтыру, эстафета 4×100, арқан тарту бойынша сынға түсті.
Әскери-патриоттық ойын қорытындысы бойынша І орынды Zhansugurov College командасы, ІІ орынды Талдықорған индустриалдық колледжді командасы иеленсе, ІІІ орынды Бастөбе сервистік-технологиялық колледжінің командасы алды. Қалған 9 команда алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл тек тартысты ойын емес, жастардың болашаққа деген бағытын айқындайтын, әскери дайындығын шыңдап, патриоттық рухқа тәрбиелейтін мазмұнды шара болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ










