










І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров тағылымы: Ілияс Жансүгіров мұрасы және жасанды интеллект дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға шетелдік және отандық ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен студенттер қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – Ілияс Жансүгіров мұрасын заманауи ғылыми тұрғыда зерделеу және жасанды интеллект дәуіріндегі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін талқылау.
Іс-шара ақын ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталып, «Ілияс ақынның мұрасы» атты жылжымалы көрменің таныстырылымымен жалғасты.
Конференция аясында Шара Кыяхметованың «Ілияс Жансүгіров шығармаларының ономастикалық сипаты» монографиясы мен Ержан Булановтың «Ілияс Жансүгіров еңбектерінің тарихи тағылымы» ғылыми еңбектерінің тұсаукесері өтті.
Пленарлық мәжілісте Түркиядан Mesut Sönmez, Өзбекстаннан Перхан Алламбергенова және отандық университет ғалымдары Қанипаш Мәдібаева, Гүлжаһан Орда, Мамиля Джақыпбекова, Ержан Буланов, сондай-ақ, магистрант Дана Досан баяндама жасап, әдебиеттану, тарих, журналистика және жасанды интеллекттің өзара байланысы сияқты өзекті мәселелерді қозғады.
Секциялық отырыстарда мектеп мұғалімдері, жас зерттеушілер, магистранттар мен студенттер ғылыми мақалаларын ұсынды.
Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Ілияс Жансүгіров мұрасын жаңаша пайымдауға және цифрлық дәуірдегі гуманитарлық ғылымдардың дамуына жаңаша серпін берді.
#SDG #ЦУР #ТДМ






















