«Қазіргі қоғамның жаһандық трансформациялары: климаттық өзгерістер, көші-қон және тұрақты даму стратегиялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Жетісу университетінде «Қазіргі қоғамның жаһандық трансформациялары: климаттық өзгерістер, көші-қон және тұрақты даму стратегиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен студенттер қатысты. Олардың қатарында Цюрих университеті, Лунд университеті, GEO Knowledge Hub орталығы және Этвёш Лоранд университеті сияқты ғылыми ұйымдардың өкілдері бар.

Жиынның мақсаты – климаттың өзгеруі, көші-қон және тұрақты даму мәселелерін талқылайтын пәнаралық ғылыми алаң қалыптастыру.

Конференция барысында климаттық көші-қон, тұрақты даму, гендерлік мобильділік, көші-қон үдерістерін құқықтық реттеу, халықтың экологиялық осалдығы, климаттық аймақтардың өзгеруі және қазіргі климаттық сын-қатерлерге бейімделу мәселелері талқыланды.

Халықаралық жиын ғылыми идеялармен алмасу мен академиялық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ климаттық көші-қон, тұрақты даму және әлеуметтік бейімделу салаларында жаңа зерттеу бастамаларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant