2026 жылдың сәуір айында «Scopus деректер базасына кіретін шетелдік ғылыми журналдарда ғылыми зерттеулерді жариялау» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Семинарға Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары, магистранттары және студенттері қатысты. Іс-шара барысында Scopus деректер базасына енгізілген халықаралық журналдар туралы мазмұнды ғылыми-ақпараттық жұмыс жүргізілді.
Ғылыми семинар аясында халықаралық мақалаларға шолу жасау, журналдардың индекстелуі, ғылыми мақаланы жариялау жолдары, рецензиялау үдерісі жан-жақты қарастырылды.