30.04.2026 күні 6B06102 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4 курс ИСР411, АЖҚ411, АЖПҚ411 топтары, 6B06103 – «Ақпараттық жүйелер архитектурасы» білім беру бағдарламасының 4 курс АЖАҚ 411 тобы және 6B06102 – «Ақпараттық жүйелер (ТиПО)» білім беру бағдарламасының 3 курс ИСР321 тобы студенттерінің 2026 жылғы 12 қаңтар мен 25 сәуір аралығында өткен өндірістік практикасының қорытынды конференциясы өткізілді.
Конференция барысында студенттер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, өздерінің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану нәтижелерін көрсетті. Олар өндірістік мекемелерде ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, деректерді өңдеу және талдау сияқты бағыттарда алған тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, практика барысында кездескен мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Жетекшілер тарапынан студенттердің жұмыстарына баға беріліп, кәсіби дағдыларының қалыптасу деңгейі атап өтілді. Көптеген студенттер жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, өз мамандықтары бойынша тәжірибелік қабілеттерін дәлелдеді.
Қорытындылай келе, өндірістік практика студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда, еңбек нарығына бейімделуінде және болашақ маман ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарғаны анықталды. Конференция нәтижелері практика бағдарламасының тиімді жүзеге асырылғанын көрсетті.




