І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессор-оқытушы құрамы арасында өткен жазғы Президенттік тест қорытындысы бойынша Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы жүлделі І орынды иеленді.
Факультет ұжымын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – ұйымшылдықтың, жоғары дайындық пен салауатты өмір салтына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!