«ҚАЗАҚТІЛДІ ТІЛТАНЫМДЫҚ КОНТЕНТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР» тақырыбындағы көшпелі семинары

2026 жылдың 27 сәуірінде сағат 10.30-да  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «ҚАЗАҚТІЛДІ ТІЛТАНЫМДЫҚ КОНТЕНТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР» тақырыбындағы көшпелі семинары  өтеді.

Семинардың мақсаты – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жүзеге асырып жатқан бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларының нәтижелерін насихаттау және қазақтілді білім беру үдерісін жетілдіруге арналған жаңа тілтанымдық контент пен цифрлық ресурстарды ЖОО оқытушыларына,  педагогтерге таныстыру, қазақ тілін оқытуда цифрлық ресурстарды қолдану мүмкіндіктерін көрсету және талқылау.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  арасында  өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant