

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ілияс әлемі» дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі өтті.
Фестиваль ақынның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды.








Іс-шара аясында «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» атты жыр мүшәйрасы мен «Өлең деген — әр сөздің ұнасымы» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Фестивальге еліміздің әр өңірінен жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.
Атап айтқанда, Абай облысындағы Шәкәрім университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Meta university, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университеті, Жаркент жоғары педагогикалық, Талдықорған индустриялық, Талдықорған сервис және технология, Текелі кәсіптік колледждерінің білімгерлері бақ сынады.
Фестиваль соңында Жетісу уинверситетінің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор, Болат Сериев және гуманитарлық факультет деканы Райгуль Желдібаева сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдірді.

















Мәнерлеп оқу сайысы мен жыр мүшәйрасының жеңімпаздары дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаздарға «Құлагер» поэмасының ағылшынша нұсқасы естелік сый ретінде табысталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ


































