



І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «8D01701 — Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары А. Алтай мен М.Разбекова мамыр айында Нийде Омер Халисдемир университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама мақсаты – шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасу, зерттеу нәтижелерін сараптау және ғылыми жұмыс аясында материалдар жинақтау. Докторанттарға түркі тілдері мен әдебиеті бөлімінің басшысы, доктор, профессор Hikmet Koras жетекшілік етті. Университет басшылығы, ғалымдары және зертттеушілерімен бірқатар кездесулер өтті. Оның барысында қазіргі лингвистика ғылымының жаңа аспектілері, қазақ және түрік тіл білімінің өзекті мәселелері, тіл ғылымының даму бағыты мен ғылыми әріптестікті жетілдіру жұмыстары қарастырылды.
Ғылыми сапар кезінде докторанттар университеттің зерттеу орталықтары, кітапханаларымен танысып, қажетті дереккөздермен жұмыс жүргізді. Жас ғалымдармен кездесулер өтіп, онда бірқатар жобалар кеңінен талқыланды. Тиімді тәжірибе алмасу үшін «Қазіргі лингвистика ғылымының жаңа аспектілері мен өзекті мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шара барысында анықталған ғылыми нәтижелер ұсынылып, тіл білімінің қазіргі қоғам жағдайындағы жаңа міндеттері талданды.
Докторанттардың баяндамалары жоғары бағаланып Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, тағылымдама қорытындысы бойынша сертификат берілді. Алдағы уақытта Нийде Омер Халисдемир университетімен бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
#SDG #ЦУР #ТДМ





