2026 жылғы 9 маусымда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Абдрахим М.Е. және Хуанған Ө. Талдықорған қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектептің тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында университеттің магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары таныстырылып, педагог қызметкерлерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара барысында магистратураға қабылдау талаптары, білім беру бағдарламаларының мазмұны, оқу үдерісінің ерекшеліктері, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, гранттар мен оқу ақысы мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, магистрлік білімнің кәсіби және ғылыми дамудағы маңызы туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу педагогтердің магистратурада білімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттырып, университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.




