2026 жылғы 12 маусымда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде тарих ғылымдарының кандидаты, университеттің құрметті профессоры Амангелді Камалович Катеновтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және цифрлық трансформация: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі даму үрдістерін, цифрлық трансформация жағдайындағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту. Іс-шара аясында цифрлық технологияларды ғылым мен білім беру саласына енгізу тәжірибесі, заманауи зерттеу әдістері және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың болашақ даму перспективалары қарастырылады.
Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, жас зерттеушілер және сала мамандары қатысады.
Баршаңызды халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз!

