Ардагер ұстаздарға арналған аудиторияның ашылуы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде білім мен ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарға арналған арнайы аудиторияның ашылу салтанаты өтті.

Жаңа аудитория – университеттің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан аға буын өкілдеріне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі. Бұл бастама жас ұрпақтың ұстаз еңбегін бағалап, білім ордасының бай тарихы мен дәстүрін дәріптеуге бағытталған.

Салтанатты шарада ректор Ермек Бөрібаев ардагер оқытушылардың көпжылдық еңбегі мен кәсіби қызметіне алғыс айтып, олардың өнегелі жолы кейінгі буынға үлгі екені атап өтті.

Бүгінде университетте Ардагерлер кеңесі табысты жұмыс атқарып келеді. Кеңес мүшелері оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласып, жастарды тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту бағытында маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен тағылымды жолы білім алушылар үшін өнеге мектебіне айналып отыр.

#SDG #ЦУР #ТДМ