Диплом табыстау рәсімі — Құқық және экономика факультеті

Бүгін Жетісу университеті Құқық және экономика факультетінің түлектері қолдарына диплом алды. Факультетті сәтті аяқтаған 98 студент пен 140 магистрантты университет ректоры Ермек Бөрібаев құүттықтап, диплом табыстады. Ректор өз сөзінде бүгінгі түлектер ел экономикасының дамуына үлес қосатын білікті мамандар екенін атап өтіп, олардың кәсіби жолда табысқа жететініне сенім білдірді.

Салтанатты шарада әр білім беру бағдарламасы бойынша түлектерге дипломды Жетісу облысының прокуроры Б.Жұмақанов, облыс әкімінің орынбасары М. Көлбаев, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ермаханов, Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры Е. Қонайұлы, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Қ.Бекмурзин, Ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Д.Искаков тағы басқа да мекеме басшылары табыстады. Салтанатты шара барысында университеттің қоғамдық өміріне белсенді арласқан бірқатар түлектер «Белсенді қоғамдық қызметі үшін», «Үздік түлек» және «Спорттағы жетістігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай –ақ түлектердің ата-аналары сөз сөйлеп, төрт жыл бойы білім беріп, болашақ мамандыққа баулыған оқытушы-профессор құрамына және университет ұжымына алғыс айтты.

Құқық және экономика факультетінің түлектеріне жарқын болашақ, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ