


2026 жылғы 1–7 шілде аралығында Астана қаласында боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған республикалық жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Асқарбеков Қуаныш жоғары шеберлік танытып, жекелей сында І орынға ие болды.
Бұл жеңісінің нәтижесінде Қуаныш боччадан Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы атанды.
Бұл жетістік – спортшының қажырлы еңбегі мен жүйелі дайындығының нәтижесі. Студентімізді кезекті жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз.
#SDG #ЦУР #ТДМ


