
















2026 жылғы 15 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқытушылар мен 1-курс студенттері арасында футболдан
дәстүрлі жолдастық кездесу өтті.
Жарыстың мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің жекелей спорттық шеберліктерін арттыру, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысқа қатысушылар жоғары ойын техникасы мен тактикалық дайындығын көрсетті.
Тартысты өткен кездесуде қос команда да белсенділік танытып, ойын 1:1 есебімен аяқталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

