Жетісу облысының мемлекеттік архивінде дәстүрлі «Ашық есік күні» өтті! Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы шешімдері мен тұжырымдамасына сәйкес, жыл сайын 21 қыркүйекте сағат 9:00-де өткізілетін «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл маңызды шараға Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Назым Бизолдақызы Қасымова шақырылып, «Тарих және қоғамтану» мамандығының 2-курс студенттерімен бірге қатысып қайтты.

