Лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу тақырыбында кураторлық сағат

21 қыркүйекте І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінде ТҚҚ-211,212 топ студенттерімен лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны кафедра меңгерушісі Калиева Бекзат Тынысбековна мен эдвайзер Касымова Назым Бизолдақызы ұйымдастырды.

Жастардың ақпараттық қауіпсіздігі, радикалды идеологиядан сақтану және әлеуметтік желідегі ақпаратты дұрыс көз караспен бағалау мәселелері талқыланды. «Бостандықтан айырған батырма» деректі фильмі көрсетіліп, студенттер пікір алмасты.
Бұл кездесу жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, саналы таңдау жасаудың маңызы талқыланды!