
Физика-математика факультетінің «Qamqor» волонтерлік клубының мүшелері Халықаралық қарттар күніне орай Текелі қаласындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы мерекелік сапар ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты — қарияларға көңіл бөліп, олардың жүрегіне қуаныш ұялату, сонымен қатар жастар бойында бауырмалдық пен үлкендерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
Сапар аясында факультет студенттері өз өнерлерін көрсетіп, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Жүректі тебірентер ән мен көңілді би қариялардың көңіл-күйін көтеріп, ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, студенттер қарттармен бірге интербелсенді ойындар ойнап, сыйлықтар табыс етті.
Кездесу соңында қариялар жастарға ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді. Бұл сапар студенттер үшін үлкен өмірлік тәрбие мектебі болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

