Мерекелік сапар
Физика-математика факультетінің «Qamqor» волонтерлік клубының мүшелері Халықаралық қарттар күніне орай Текелі қаласындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы мерекелік сапар ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты — қарияларға көңіл бөліп, олардың жүрегіне қуаныш ұялату, сонымен қатар жастар бойында бауырмалдық пен үлкендерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру. Сапар аясында факультет студенттері өз өнерлерін көрсетіп, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Жүректі …



