Жетісу университетінің студенттері Помор университетінде білім алуда

I. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеттің Шетел тілдері (IP) білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушылары Д.Серикбекова мен А.Нұрданбекқызы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алғаш рет Польшаның Помор университетінде білім алуда.

Бағдарламаның басты мақсаты – студенттердің халықаралық тәжірибесін шыңдап, шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарының заманауи білім беру жүйесімен, озық әдістемелерімен танысуына жол ашу.

Академиялық ұтқырлық аясында білім алушылар шет тілі бойынша білімдерін одан әрі тереңдетіп, тілдік және мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттіліктерін кеңейтеді.

Халықаралық деңгейдегі тәжірибе – білім алушылардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына, тұлғалық өсуіне және әлемдік білім беру кеңістігіне сәтті бейімделуіне зор мүмкіндік береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ