20.10.2026 ж. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің Музыкалық білім беру бағдарламаларының студенттеріне жаппай ашық онлайн курстардан (ЖАОК) өту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге ұсынылған курстар, платформаға кіру тәртібі, ЖАОК-тың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ қорытынды бағалаудан өту рәсімі туралы толық ақпарат берілді.




