«НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП»

2026 жылғы 21 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінде «Нашақорлық – қоғамға төнген қауіп» тақырыбында медицина қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуді Музыкалық білім беру бағдарламасының білімгерлеріне топ кураторы С. Оңғарбаева ұйымдастырды. Іс-шара барысында мамандар нашақорлықтың зардаптары туралы маңызды ақпарат беріп, білімгерлермен аталған мәселені жан-жақты талқылады.

Кездесудің мақсаты – білім алушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру, есірткі заттарын қолданудың қауіпті салдарын ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың зиянды әдеттерден саналы түрде бас тартуына ықпал ету.