Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің «6В01408 – Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы МО-2401 тобының 2-курс білім алушысы Маукен Асқар Маулетқалиұлы 2026–2027 оқу жылының бірінші семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінде білім алуда.
Академиялық ұтқырлық кезеңінде білім алушы музыкалық білім беру саласындағы кәсіби пәндерді меңгеріп, оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, заманауи педагогикалық технологиялармен және болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудың тиімді әдістерімен танысуда.
Қабылдаушы университетте білім алу Асқар Маулетқалиұлына музыкалық-орындаушылық және педагогикалық шеберлігін жетілдіруге, теориялық білімін тереңдетуге, сондай-ақ оқу және шығармашылық қызметте жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу білім алушының кәсіби құзыреттерін дамытуға, музыкалық және шығармашылық ой-өрісін кеңейтуге, академиялық тәжірибе алмасуға, жаңа кәсіби әрі шығармашылық байланыстар орнатуға ықпал етеді.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білім беру ортасымен танысу білім алушыға музыкалық-педагогикалық қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін зерделеп, алған білімі мен тәжірибесін алдағы оқуында және болашақ кәсіби қызметінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.







