«Дизайндағы ұлттық ою-өрнек» пәні бойынша жаппай ашық онлайн курстан (ЖАОК) өту тәртібіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің «6В02101 – Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Дизайндағы ұлттық ою-өрнек» пәні бойынша жаппай ашық онлайн курстан (ЖАОК) өту тәртібіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттерге қолжетімді онлайн курстар, білім беру платформасын пайдалану жолдары, курстың мазмұны мен оқу кезеңдері, тапсырмаларды орындау тәртібі, сондай-ақ қорытынды бақылау мен бағалау талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Аталған жұмыс студенттердің цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануына, оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыруына және пән бойынша қажетті білім мен дағдыларды сапалы меңгеруіне бағытталды.