«Оркестрлік орындаудағы негізгі қиындықтар және оларды жеңу жолдары» тақырыбында ашық сабақ өткізу

2026 жылғы 27 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасының МБ(ІР)-311 тобында «Оркестр 2» пәнінен ашық  сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың тақырыбы – «Оркестрлік орындаудағы негізгі қиындықтар және оларды жеңу жолдары».

Сабақтың мақсаты – білім алушыларға оркестрлік орындау барысында кездесетін негізгі техникалық және музыкалық қиындықтарды анықтауды үйрету, оларды тиімді жаттығулар мен ұжымдық жұмыс арқылы жеңу дағдыларын қалыптастыру.

Ашық сабақ барысында музыкалық шығармалар нота бойынша талданып, олардың мазмұны мен орындалу ерекшеліктері түсіндірілді. Білім алушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіруге, оркестр құрамында бірлесе жұмыс істеуіне, ырғақ пен үйлесімділікті сақтай білуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар күйлерді үйрету арқылы олардың ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру көзделді. Сабақ нәтижесінде білім алушылар оркестрлік орындауда кездесетін қиындықтарды тиімді еңсеру тәсілдерін