Ашық кураторлық сағат

2026 жылғы 3 қараша күні сағат 14:10-да Шыныбекова Айжан Сахановнаның жетекшілігімен ҚТӘ-412 тобының студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, оның негізгі бағыттары мен өзекті мәселелеріне талдау жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Жолдауда көтерілген маңызды мәселелер талқыланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси жаңғыруы және болашаққа бағытталған басым міндеттері туралы пікір алмасты. Студенттер өз ойларын ортаға салып, Жолдаудың ел болашағы үшін маңыздылығына назар аударды.