RStudio көмегімен ғылыми деректерді статистикалық талдау

2026 жылғы 2 қарашада ғылыми-зерттеу деректерін статистикалық талдау, нәтижелерді түсіндіру және визуализациялау бойынша практикалық семинар өтті.
Семинар спикерлері – Молекулалық генетика және геномика зертханасының кіші ғылыми қызметкерлері Абдуакасов Айбек Серікқажыұлы (педагогика ғылымдарының магистрі) және Шокен Мади Айдарұлы.
Қатысушылар R бағдарламалау тілі мен RStudio ортасының мүмкіндіктерімен танысып, эксперименттік деректер негізінде төрт негізгі статистикалық әдісті меңгерді:

  • Student’s t-test;
  • ANOVA;
  • Pearson correlation;
  • PCA.
    Сонымен қатар ggplot2 пакеті арқылы box plot, scatter plot және biplot графиктерін құрастыру, нәтижелерді ғылыми талаптарға сай визуализациялау тәсілдері көрсетілді.
    Семинардың мақсаты – қатысушылардың статистикалық деректерді өңдеу, ғылыми нәтижелерді дұрыс түсіндіру және заманауи визуализация құралдарын қолдану дағдыларын дамыту.

#SDG #ЦУР #ТДМ