«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы — Ректорының 17.11.2026 жылғы №292П бұйрығына сәйкес, университет қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 25 қарашадан 24 желтоқсанға дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1 — университет қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
2 — ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
— персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау;
— мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу;
— мемлекеттік қызметтер көрсету;
— бюджеттік қаржы қаражатын игеру және бөлу;
— мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
— жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
— цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
— талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
#SDG #ЦУР #ТДМ

