І.Жансүгіровтің шығармашылығына арналған әдеби кеш

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Турысбекова Асем Ериковнаның ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Іс-шараға факультетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих және қоғамтану», «Екі шет тілі» және «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламаларының студенттері белсене қатысты. Әдеби кештің негізгі мақсаты – Ілияс Жансүгіровтің бай шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын таныту, студенттердің ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу.

Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасалып, «Құлагер», «Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары, прозалық және драмалық шығармалары таныстырылды. Студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларынан сахналық үзінділер қойып, туындыларының көркемдік ерекшеліктері мен тәрбиелік мәнін ашып көрсетті.

Әдеби кеш студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, әдеби-танымдық білімдерін тереңдетуге, ұлттық рухани мұраға деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді.