Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссия
МАҚСАТЫ
Университетте білім беру үрдісінің сапасын тұрақты арттыру арқылы белгіленген талаптарға сәйкес мамандарды тиімді даярлауды жүзеге асыруға жәрдемдесу
-
МіндеттеріМіндеттері
-
ҚызметтеріҚызметтері
-
ҚұрамыҚұрамы
МІНДЕТТЕРІ
- Факультеттің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асырылу шарттарын бағалау;
- Факультеттің бағалау саясаты мен академиялық сұрақтарын талдау;
- Білімгерлерді жалпы білім беру сапасын және оның жекелеген компоненттерін бағалауға тарту;
- Білімгерлер тарапынан білім сапасының мониторингін ұйымдастыру;
- Білім беру қызметін тұтынушылар ретінде білімгерлердің қажеттіліктерін кешенді бағалау;
- Сапа саласындағы саясатты, мақсаттарды, университеттің даму бағдарламаларын жүзеге асыруда, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды өткізуде университеттің құрылымдық бөлімшелеріне, лауазымды тұлғаларына жәрдемдесу;
- Университетте білім беру сапасына қатысты мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу, білім беру үрдісі барысында қызметкерлер мен білімгерлерде пайда болатын анықталған мәселелерді жою бойынша практикалық шешімдер әзірлеу;
- Білімгерлердің оқу, оқудан тыс, ғылыми және кәсіби мүдделерін ескере отырып, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Білімгерлерді білім беру үрдісіне ынталандыру жүйесін құру және дамыту, білімгерлерді оны бағалауға тарту;
- Білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу.
қЫЗМЕТТЕРІ
- Модульдік білім беру бағдарламаларының мазмұнына бағалауды жүргізу;
- Білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарын зерделеу, бағалау саясатының сапасын бағалау;
- Білім беру бағдарламалары мен пәндер сапасының сәйкестігі бойынша сауалнама жүргізу;
- Академиялық адалдықты бұзу фактілерін қарастыру;
- Білім беру бағдарламалары, пәндер/модульдер сапасының сәйкестігі, академиялық адалдықты бұзу фактілері және т. б. бойынша сауалнама, сұрау, сұхбат жүргізу арқылы білімгерлерді университетте білім беру сапасын бағалауға тарту;
- Университетте білім беру қызметінің сәйкессіздіктері, бұзушылықтар туралы студенттер мен қызметкерлердің хаттарын, өтініштерін, шағымдарын талдау;
- Университетте білім берудің сапасы мәселелері бойынша білімгерлер мен оқытушылардан келіп түскен өтініштер бойынша шешімдер әзірлеу;
- Білім сапасы мәселелері бойынша университет әкімшілігі мен білімгерлердің кездесулерін ұйымдастыру;
- Университет әкімшілігімен кездесулер өткізу аясында білім сапасы бойынша білімгерлердің сұрақтарын жинауды ұйымдастыру;
- Университет әкімшілігімен кездесулер нәтижесінде жасалған білім беру сапасы бойынша іс-шаралар жоспарларының және Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау;
- Білімгерлерді университеттің жаңа нормативтік актілері, білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы ақпараттандыру;
- Комиссия жүзеге асырған білім беру сапасын арттыру бойынша іс-шаралардың нәтижелілігін талдау;
- Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылыққа ұсыныстар әзірлеу.
