№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында, әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде, олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады |
2 | құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті |
3 | даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжайды, жоспарлайды және басқара алады |
4 | білім берудің жаңартылған жүйесіне сәйкес сөйлеу қызметінің негізгі түрлері — оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу бойынша білімдерін көрсетеді |
5 | мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму жолдары мен заңдылықтарының теориялық және практикалық аспектілерін біледі, ауытқу дамуының себептері мен механизмдерін көрсете біледі, денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау дағдыларын меңгерген |
6 | арнайы білім берудің ерекшелігін біледі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтендіру сабақтастығын іске асыруға қабілетті |
7 | денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі білім алушылардың құрамынм анықтай алады, бастауыш, орта және жоғары білім беру саласында тең мүмкіндіктерін меңгере алады |
8 | бұзылған функцияларды қалпына келтіру бойынша түзету-дамытушы топтық және жеке сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді, ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге төзімді қарым-қатынас көрсете отырып, педагогикалық мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын түсінеді және кәсіби этика қағидаларын сақтайды |
9 | жүйке жүйесі ауруларының пайда болуының этиологиялық, патогенетикалық механизмдерін, клиникасын, бұзылулары бар балалардың соматикалық және психикалық даму ерекшеліктерін ажыратады, медициналық-педагогикалық оңалту дағдыларын меңгерген. |
10 | Психологиялық қасиеттер мен жағдайларды, психикалық үдерістердің сипаттамаларын, денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әртүрлі қызмет түрлерін диагностикалаудың, алдын алудың, сараптаудың, түзетудің негізгі тәсілдерін талдайды. |
11 | психиканың әртүрлі құрауыштарының қалыпты және дамудағы ауытқулары бар өзгерістерін және динамикасын салыстырады. |
12 | арнайы педагогика жүйесінің тарихи даму кезеңдерін бағалайды, әртүрлі жүйелер мен тұжырымдамаларды салыстыру дағдыларын меңгерген. |