Жансүгіров тағылымы

03 желтоқсан күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Шараға шетелдік және отандық ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

            Пленарлық мәжілісте Ілияс Жансүгіров Республикалық қорының Президенті Жанар Жандосова, Түрік Республикасының Ниде Омер Халисдемир атындағы университетінің ә.ғ.д. Эрдиндж Демирай, Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің аға ғылыми қызметкері Салтанат Төлегенова, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, ф.ғ.к. Бақыт Есімқұлов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-ассистенті Өнербек Хуанган, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының докторанты Шайзат Жанысбекова көкейкесті ғылыми-теориялық мәселелер көтеріп, жаңа идеялар мен ұсыныстарымен бөлісті.

Шара барысында І.Жансүгіровтың өмірі мен еңбегі, прозалық шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшелігі туралы баяндамалар оқылды. Сонымен қатар түрік тілінің тарихи дамуы, түрік жазба тілдері, Жетісулық Алаш зиялылары жайлы да айтылды.

Конференция әрі қарай секция жұмысымен жалғасты. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинақ болып шықты. Белсенді қатысушыларға сертификат берілді.