Конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2022 жылдың 27 мамырында «Қазақстан Республикасы халқының экологиялық ақпаратқа қолжетімділігі: заңнаманы сот және өзге де қызметте қолдану практикасының проблемалары мен перспективалары»  тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және  Мәжіліс депутаттары, жоғарғы сотының судьялары, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді және таратуды ұйымдастыру басқармасының, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының басшысы, Алматы облыстық соттың  судьялары, Алматы қаласы бойынша экологиялық департаментінің басшысы,  Алматы облыстық мәслихатының депутаттары, Алматы облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы, Батыс Қазақстан облысы бойынша экологиялық департаментінің басшысы, Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық сотының судьясы мен басқада  тәжірибелі басшылар қатысты. Сонымен қатар конференция жұмысына  Беларусия Республикасы, Ресей федерациясы, Эстония, Өзбекстан, Қырғызстан, Турция, Испаниядан заңгер экологтар, ҮЕҰ өкілдері, БАҚ, ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының тәжірибелі заңгерлері, отандық және шетелдік экологтар мен құқық саласын бойынша басқа да сарапшылар мен өзгеде пратикалық қызметкерлер қатысып баяндама жасады.

Конференция соңында экологиялық ақпараттың цифрлық платформасы ретінде қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіндегі мәселелер, қоршаған ортаға және азаматтардың экологиялық ақпаратқа құқықтарын қорғауды құқықтық реттеу проблемалары туралы және т.б. мәселелер шешу жолдары мен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасының азаматтық істер жөніндегі экологиялық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер ұсынылды.