Bilimdi El – 2022

Маңғыстау және Атырау облыстарының мектеп бітіруші түлектері үшін, биылғы 2022-2023 оқу жылына келесі гранттар саны бөлінуде:

Маңғыстау облысы – 6000 грант;

Атырау облысы – 4000 грант;

Студенттер еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып, оқу аяқталған соң тұрғылықты жерлеріне барып өтеу көзделеді.

Осыған орай, 2022 жылғы 20 мамыр күні Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында, 23 мамыр Атырау облысы, Атырау қаласында «SANA EDUCATION Халықаралық білім беру орталығы» ұйымдастыруымен аталған облыстардағы мектеп бітіруші түлектердің назарына толық ақпаратты жеткізу мақсатында Қазақстан Жоғары оқу орындарының қатысуымен кәсіби бағдар беру (профориентация) жұмыстарын ұйымдастыру негізінде «Bilimdi El – 2022»           ІІ – Халықаралық білім беру көрмесі өтті.

Көрмеге Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен Смагулова Самал Алпысбековна, Имашева Мөлдір Мақсатқызы қатысты. Кәсіби бағдар беру жұмыстарына Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша 5000-ға жуық мектеп бітіруші түлектері қатысты. Аталған іс-шара барысында мектеп бітіруші түлектерге университетіміз жайында бейнеролик, таныстырылымдар көрсетіліп, үлестірме материалдар (буклет, брошюра, визиткалар) таратылды.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі мен білім басқармасы ұйымдастыруымен 2022 жылғы 21 мамыр күні Ақтау қаласында «Мамандығым – табысты өмірдің кілті» атты кездесуге Ақтау қаласы мен Мұңайлы ауданы түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мектеп бітіруші түлектер үшін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне – 199 орын бөлінді:

Маңғыстау облысы бойынша:

• Педагогикалық мамандықтарға – 94 орын;

• Техникалық мамандықтарға – 46 орын.

Атырау облысы бойынша:

• Педагогикалық мамандықтарға – 27 орын;

• Техникалық мамандықтарға – 32 орын.

Аталған өңірлер бойынша мектеп бітіруші түлектердің көптеп сұраған, университетімізде бар білім беру бағдарламалары:

• Математика                             

• Физика                        

• Информатика                           

• Химия                           

• Биология

• Тарих                             

• Қазақ тілі мен әдебиеті

• Орыс тілі мен әдебиеті            

• Шетел тілі: екі шетел тілі

• Аударма ісі                              

• Журналистика

• Қаржы және есеп                      

• Экономика және басқару

• Құқықтану                                 

• Туризм қонақ үй бизнесі

• Арнайы педагогика

• Педагогика және психология               

• Ақпараттық жүйелер

• Дене шынықтыру және спорт  

• Музыкалық білім

• Дизайн