AP23488859 Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТУРАЛЫ:

  • Жобаның атауы:

    Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу

  • Жобаның мақсаты:

    Геномика мен феномиканың заманауи құралдарымен Қазақстанда бидай өсіру тәжірибесін күшейтуге маңызды экономикалық белгілермен байланысқан геномдық вариацияларды анықтау және пайдалану.

  • Тапсырмалар:

Қазіргі гранттық жоба алты ауқымды міндеттерден тұрады.

  1. ИСП-да ОАБП генетикалық стандарттау.

Популяциялардағы локустардың ажырау деңгейін төмендету кез келген геномдық зерттеулердің алдында өте маңызды.

  1. Толық автоматтандырылған өсіру камераларында, жылыжайларда және бидай өсіретін аймақтарда ОАБП фенотиптеу.

Қазақстандағы дәстүрлі селекциялық тәсілдер бидай селекционерлеріне гүлдену уақыты мен өсімдік биіктігі сияқты маңызды белгілердің балама аллельдерін іздеуге мүмкіндік бермеді.

  1. Жоғары тығыздықты генотиптеу

Осы гранттық жарияланымның бюджеті аясында барлық ОАБП генотиптерін секвнеирлеу қаржылық тұрғысынан мүмкін емес. Оның орнына біз популяцияның генетикалық әртүрлілігін бағалау үшін ОАБП -ге генетикалық фингерпринттеп, содан кейін ОАБП ішінде 120 алуантүрлі генотиптің WGS жүргіземіз.

  1. ОАБП -дегі ең әртүрлі генотиптердің WGS

Кластерлік талдаудан алынған әртүрлілігі жоғары 120 генотиптері WGS-ке жіберіледі. Егер грант қаржыландырылса, біз алғаш рет қазақ бидайының геномдық деректерін цифрландыруды бастаймыз.

  1. Ассоцияциялық карталау және мақсатты нарықты дамыту

Қолымыздағы бар көптеген генетикалық және геномдық деректермен геномдық ассоцияциялық карталау жүргізіледі. Маңызды ассоциациялар үшін кемінде 50 мақсатты гомеоологиялық арнайы молекулалық маркерлер әзірленеді.

  1. Біліммен алмасу және әлеуетті арттыру

Бұл жобада қазақстандық өсімдіктер ғылымы қауымдастығы арасында білімді, ресурстарды таратуға және әлеуетті арттыруға арналған тамаша зерттеу бағдарламасы бар.

  • Жоба идеясы:

    Cоңғы уақытта бидай экспортыны жүйесінің бұзылуы кешдамыған және дамушы мемлеткеттерде, тіпті дамыған елдерде бидайдың азық-түліктің жаһандық қауіпсіздігінде маңызды рөл атқаратын қоректік заттардың негізгі көзі болып табылатындығының айғағы болды1. Қазақстан үшін бидай ұны асхананың маңызды рецепті ғана емес, елеулі табыс көзі болып табылады. Сондықтан, әлемдік бидай өндірушілері, оның ішінде Қазақстан да бидайды тұрақты өсіру мен өндіруді қолдауға баса назар аударуы тиіс. Геосаяси тұрақсыздықтан басқа, климаттың тез өзгеруі бүкіл әлемде бидайды тұрақты өсіру мен өндіруге үлкен қауіп төндіреді2,3. Бұл үшін қысқа мерзім ішінде өнімділігі мен сапасы жақсартылған бидай сорттарын дамыту қажет.

  • Күтілетін нәтижелер:

1) мақалаларды жариялау

Бір мақала немесе шолу Science Citation Index Expanded индексінде және Web of Science импакт-факторының 1-ші (бірінші) квартильіне енгізілген рецензияланған ғылыми басылымда жарияланады.

2), 4) Жоспарланбаған

3) Пайдалы модельге патент алу үшін өтінім беріледі (Qazpatent)

5) жұмыс нәтижелерін тарату;

Жетісу университетінде өсімдік өсірушілер мен зерттеушілерге (негізінен бидай) білім алмасу мақсатында теориялық және практикалық семинар ұйымдастырамыз. Оның үстіне біздің мақсатты аудиториямыз келешек ұрпақ (студенттер, мектеп оқушылары) болмақ. Маңыздысы, генетикалық, геномдық, фенотиптік және тұқымдық материалдың барлығы жергілікті және халықаралық бидай өсіру қауымдастығына тегін қол жетімді болады (МТА келісіміне қол қойылғаннан кейін).

6) басқа да өлшенетін нәтижелер.

6.1) Жоба нәтижелерінің соңғы пайдаланушылары дақылдардың сапасы мен санын жақсартумен айналысатын ұлттық, аймақтық және халықаралық өсімдік ғалымдары, сонымен қатар университет оқытушылары мен агрономия/биология факультетінің студенттері болады. Студенттерді, өсімдік генетиктері мен селекционерлерді шабыттандыруға арналған семинарымыз жобаның маңызды әлеуметтік әсерін көрсетеді.

6.2) Өсімдіктерді өсірудің дәстүрлі әдістерін геномдық селекциямен біріктіу арқылы өсімдіктерді жақсарту аталған жобаның маңыздылығын көрсетеді. Біздің интенсивті селекциялық платформамыз бен геномдық стратегияларымыз Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтеміз.

6.3) ИСП құру және тиімді және дәл егіншілік үшін KASP диагностикалық молекулалық даярлау бізге болашақта Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінің селекциялық станциялары мен ғылыми орталықтарына белгілі бір қызметтерді түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді.

6.4) Бұл гранттық ұсыным ғылымды жоспарлы түрде ілгерілету, сондай-ақ жалпы жұртшылық, ғылыми қауымдастық және келесі ұрпақ арасында білім мен ресурстарды бөлісу арқылы үлкен әлеуметтік әсерге ие. Жобаның нәтижесінде алынатын ресурстар елде/өңірде өсімдік шаруашылығы арқылы оң экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-технологиялық әсер жасауға ықпал етуі тиіс.

Бұл ретте, осы ұсынымда әзірленген ресурстар (генетикалық деректер, геномдық деректер, біліммен бөлісу, әлеуетті арттыру) бидайдың жаңа және жетілдірілген сорттарын дамытуға бағытталған көптеген болашақ зерттеулерге негіз болады деп ойлаймыз.

Грант ұсынымы қоршаған ортаға өте жағымды әсерлерді қолдайды. Жоба гендік инженерия әдістерін қамтымайды. Осылайша, жобаның мақсаттары «жасыл технологиялар немесе органикалық егіншілік» талаптарына толығымен сәйкес келеді. Елдің бидай шаруашылығы жүйесіне геномдық селекция әдістерін енгізу ғылыми-техникалық және мультипликативті нәтиже береді.