“Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген “ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ” атты халықаралық байқауына «Zhansugurov college»-нің 307 ШБҚ топ студенті Тулеуханова Алтынай Ерғанатқызы қатысып І дәрежелі диплом және төсбелгімен марапатталды.
Дизайн мамандығының оқытушысы Абдилдаев Мұратхан Дүйсенғалиұлы “Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдық мерейтойы мен Қоғам қайраткері Т. Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай “Суретші әлемі “ атты республикалық шығармашылық конкурс- көрмесіне қатысып “Сәндік қолданбалы өнер” номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын және 50 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды!
БАС ЖҮЛДЕ
“Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы”, “Қоғамдық келісім” және “Талдықорған жоғары медициналық колледжі” ұйымдастыруымен Мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері арасындағы “Тіл-барлық білімнің кілті” атты облыстық байқауында«Zhansugurov college»-нің “Шаңырақ “ командасы БАС ЖҮЛДЕ иеленді.Жетекшілері:Найманбаева Гульден Болатовна және Флейшавер Анжелика Владимировна
Lider.kz еріктілер орталығының алғыс хаты
307 ШБқ тобының студенті Бейсембай Мадина Азаматқызы өзінің белсенді қоғамдық жұмыстары үшін Lider kz еріктілер орталығының алғыс хатымен марапатталды.
Облыстық интеллектуалдық байқауында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды
Жетісу облысының колледж студенттері арасындағы «Кәсіпкерлікті қолдау:Smart экономика» облыстық интеллектуалдық байқауында «Zhansugurov College» командасы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі арнайы пән оқытушысы Уклинова Қаршыға Едиловна.
«Көшбасшылық қоғамдастықтарға!» III орын
1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық қоғамдастықтарға!» ұранымен өткен студенттер арасындағы сайыста “Zhansugurov College” командасы III орынға ие болды.
«Әдістемелік сандықша” ІІ орын🏆
«Әдістемелік сандықша” облыстық байқауында Педагогика және психология пәнінің оқытушысы Бейсембаева Жазира Талгатовна ІІ орынды иеленді🏆
«Worldskills Kazakhstan 2023»
Астана қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan 2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «Zhansugurov college»-нің студенті Қабланбек Меруерт «Үздік маман» медальонымен марапатталды.
“BILE ZhU 4”
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен “BILE ZhU 4” замануи би байқауына қатысып ІІІ орынды “Zhansugurov college”-нің “Black Fire»командасы иеленді🎊🎊🎊
“Worldskills Kazakhstan 2023”- Республикалық чемпионаты басталды
“Worldskills Kazakhstan 2023”- Республикалық чемпионаты басталды, “Бастауыш білім беру” құзыреттілігі бойынша “Zhansugurov college”-нің 3- курс студенті Қабланбек Меруерт қатысуда, студенттімізге жеңіс тілейміз💐💐💐










