Факультет физической культуры и искусства

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылғы 22 қазанда Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен агрохакатон байқауындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары «Enactus Zhetysu» командасының белсенді мүшелері Рахым Асқар мен Әділбекұлы Данияр ІІ орын және 300 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.200-ге жуық команда бақ сынаған бұл республикалық додада біздің студенттер үздік он алты …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

«Тәуелсіз елдің жас спортшылары»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері арасында 25 қазан Республика күнінің 35 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің жас спортшылары» атты футбол жарысы өткізілді.Мақсаты:

«Лудомания – Құмар ойын – қауіпті әдет»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Аннабигин «Лудомания – Құмар ойын – қауіпті әдет» тақырыбында ДШҚ 112, ДШҚ 213, ФКР 211 топтарының білім алушыларымен семинар өткізді. Іс-шара барысында лудоманияның зияны, құмар ойындарының психологиялық және әлеуметтік салдары кеңінен талқыланды. Білімгерлер тақырыпқа белсене араласып, өз ой-пікірлерін білдірді.Мақсат – жастардың санасында құмар ойындарға қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру …

«Лудомания – Құмар ойын – қауіпті әдет» Read More »

«Таза Қазақстан»

11.10.2025 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушы құрамы «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген қалалық сенбілікке белсене қатысты. Қала тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды дамыту болды. Факультет ұжымы сенбілік барысында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындардың көркейуіне өз үлестерін қосты.

І орын иелеуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

09-17 қазан аралығында Өзбекстан Республикасында өткен көкалдағы хоккейден Азия чемпионатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Бейбітов Жеңіс Бекишұлын І орын иелеуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 7-8 қазан күндері Талдықорған қаласында өткен жеңіл атлетикалық кросстан барлық жас ерекшеліктері арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына 14 облыс және 3 қаладан 300-ге жуық спортшылардың арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары үздік нәтижелерге қол жеткізді.Ерлер мен әйелдер арасында:Жаңабек Есенбол – 12км қашықтықта І орынОмар Айбол – 12 …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Жолдастық кездесу

1 Қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер және Жаратылыстану-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Бұл шара ұжымдық бірлікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

1 Қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күнімен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз!

Білім мен ғылым жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз, ұрпақ тәрбиесіндегі үлестеріңіз– ел ертеңінің іргетасы.Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс пен жеміс тілейміз!Әр шәкіртіңіз – сіздердің білімдеріңіз бен жүректеріңізден нәр алып, биік белестерді бағындыра берсін!Құрмет пен алғысқа бөлене беріңіздер!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 27 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Грузия Республикасы, Тбилиси қаласында өткен аралас жекпе-жек (ММА) спорт түрі бойынша Әлем чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Медетова Айнұр 65,8 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Айнұрды айтулы жетістігімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Жеңістеріңіз жалғасын таба берсін! 🥉🇰🇿

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 27-29 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында өткен Еркін күрестен Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарындаІлияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті: Үсен Елдос Жандосұлы 57кг салмақ дәрежесінде – ІІ орынИбраим Еділ Болатұлы 65кг салмақ дәрежесінде – ІІ орын Спортшыларымызды айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз!Жеңістеріңіз жалғасын таба берсін! 🏆🇰🇿

AI Assistant