Факультет физической культуры и искусства

«Бумеранг» және «ҰЛАН» еріктілер топтары

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетіне қарасты «Бумеранг» және «ҰЛАН» еріктілер топтарының студенттері игі бастама көтеріп, қаламыздағы көпбалалы, жалғызбасты аналардың отбасыларына барып, азық-түлік түрінде көмек көрсеттіп қайтты.

«Шабыт» еріктілер тобы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетіне қарасты «Шабыт» еріктілер тобы қаламыздағы Облыстық мамандандырылған бөбектер үйіне арнайы барып, кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Олар балалармен уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, өздерінің шағын сыйлықтарын табыстап, игі іс атқарып қайтты.

«Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

⚜️І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі кеңес мүшелері Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. ⚜️Аталған кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында академиялық адалдық қағидаларын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. ⚜️Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кеңес мүшелері …

«Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Read More »

«Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»

⚜️І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі кеңес мүшелері Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. ⚜️Кездесу барысында академиялық адалдық қағидалары, білім беру үдерісіндегі ашықтық пен әділдік мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді. ⚜️Жиын барысында қатысушылар …

«Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Read More »

Мерейтойынызбен құттықтаймыз!

🎉 Дене шынықтыру және өнер факультетінде дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Баженова Эльмира Даулетхановнаның 50 жас мерейтойына арналған салтанатты құттықтау кеші өткізілді. Мерекелік шара барысында әріптестері мен студенттері мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдіріп, еңбегіне алғыс айтып, құрмет көрсетті. Кеш барысында жылы лебіздер айтылып, мерейтой иесінің ғылым …

Мерейтойынызбен құттықтаймыз! Read More »

🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«БІЛІМ АЙНАСЫ» республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған, қазақ халқының лирик, ақиық, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында өткен республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсында Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Айтқазы Самгар жүлделі ІІ орын иеленді. Жас дарынға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Жетекшісі: Кунтуганова Сарбинас Мухамедьяровна.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉

2026 жылдың 01–06 наурыз күндері Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған боччадан Республикалық ашық турнир өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Асқарбеков Қуаныш жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды. 🥇 Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз! 🏆

🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«ADAY» білім орталығының №514 бұйрық негізінде ұйымдастырылған«КҮЙ – ҚҰДІРЕТТІ ӘУЕЗ. АДАЙ КҮЙІ» әуенді республикалық байқауындаДене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Айтқазы Самгар 🥇 І орын иеленді! Жас өнерпаздың шығармашылық табысы құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! Жетекшісі: Кунтуганова Сарбинас Мухамедьяровна

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді. Аталған конференция педагогикалық практика кезеңін қорытындылау, білімгерлердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау және тәжірибе нәтижелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараптау мақсатында ұйымдастырылды. Конференция барысында студенттер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарының …

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы Read More »

Педагогикалық практика

2026 жылғы 23 ақпан мен 21 наурыз аралығында 6В01406 – «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының білім алушылары Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі базасында педагогикалық практикадан («Мұғалім кәсібіне кіріспе») өтті. Практика барысында студенттер оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен, мұғалім қызметімен және мектеп құжаттамасымен танысты. Практика базалық педагогикалық дағдыларды қалыптастыруға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және теориялық …

Педагогикалық практика Read More »