Құттықтаймыз

2026 жылғы 7 маусымда Астана қаласында ерлер арасында жартылай марафоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты және Astana Half Marathon халықаралық жүгіру жарысы өтті.
Аталған жарыстарда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жаңабек Есенбол ерлер арасындағы жартылай марафоннан Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал Тумарбекова Дагара Astana Half Marathon халықаралық жүгіру жарысының жартылай марафон қашықтығында І орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды.
Бұл жетістіктер – студенттеріміздің қажырлы еңбегі мен жоғары дайындық деңгейінің айқын көрінісі. Жүлдегерлерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз!