2026 жылдың 1 маусымында 6В02302 – Филология білім беру бағдарламасы 2-курс студенттерінің тілтанымдық практика бойынша қорытынды конференциясы өтті. Аталған практика 18 мамыр мен 30 мамыр аралығында практика базаларында ұйымдастырылып, студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.
Практика барысында білім алушылар тіл білімінің қолданбалы бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп, кәсіби ортада тәжірибе жинақтады. Студенттер тілдік материалдарды талдау, ресми құжаттармен жұмыс, мәтін редакциялау, коммуникативтік дағдыларды жетілдіру сынды маңызды бағыттарда өз қабілеттерін шыңдады. Сонымен қатар практика базаларындағы жетекшілер тарапынан берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, белсенділік танытты.
Қорытынды конференция барысында студенттер практика нәтижелері бойынша баяндамалар жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жетекші-әдіскерлер білім алушылардың кәсіби даярлығы мен ізденімпаздығына оң баға беріп, болашақ маман ретінде қалыптасуына тілектестік білдірді.
Шара соңында үздік тәжірибе көрсеткен студенттердің жұмыстары аталып өтіп, тілтанымдық практиканың болашақ филолог мамандарды даярлаудағы маңызы ерекше екені айтылды. Конференция еркін пікір алмасу алаңына айналып, студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға ықпал етті.

