Университеттің Ғылыми кеңесі отырысында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Құрметті профессор», ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ансабаев Дүйсен Сандыбайұлына Қазақстан Жазушылар одағының куәлігі салтанатты түрде табысталды.
Марапаттау рәсімінде университет басқарма төрағасы–ректор Е.Ә.Бурибаев сөз сөйлеп, Дүйсен Сандыбайұлының ғылым, білім және әдебиет салаларындағы жемісті еңбегін атап өтіп, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдануымен құттықтады. Ректор өз сөзінде қаламгер-ғалымның шығармашылық және қоғамдық қызметіне жоғары баға беріп, алдағы уақытта да шығармашылық шабыт тіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а Ш.А.Кыяхметова әріптесіне ізгі тілегін білдіріп, құрмет көрсетіп, арнайы сый-сияпатын табыс етті.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдану – әдебиет пен руханият саласындағы елеулі жетістіктердің бірі. Бұл мәртебе Ансабаев Дүйсен Сандыбайұлының көп жылғы шығармашылық еңбегі мен ұлттық әдебиетті дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
Университет ұжымы Дүйсен Сандыбайұлын айтулы жетістігімен құттықтап, шығармашылық шабыт, жаңа туындылар мен толайым табыстар тілейді.

